04 Тамыз, 2015

Ата Заң – ел тірегі

1627 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
1409206927-762 Осыдан 20 жыл бұрын, яғни 1995 жылы 30 тамызда Негізгі Заңымыз – еліміздің Конституциясы қабылданып, бұл күн «Қазақстан Республикасының мерекелері» Заңына сәйкес мемлекеттік мерекелер тізіміне еніп, Республика Конституциясының күні ретінде барлық Қазақстан халқы атап өтетін жалпымемлекеттік мейрамға айналды. Ең жоғарғы заңдық күші бар Конституция республикадағы қолданылатын және қалыптасып жатқан құқықтық жүйенің нормативтік бастауына айналып, қоғамдық және мемлекеттік құрылыстың маңызды жақтарын реттейді. Конституция – ел тәуелсіздігінің, мемлекеттігінің негізгі тірегі және саяси-құқықтық төлқұжаты. Ата Заңымыз бірнеше бөлімдерден құралған, оның ІІ бөлімі адам және азамат тақырыбына арналып, онда еліміздің әр азаматының құқықтары мен міндеттері түсіндірілген. Ата Заңымыз азаматтарға құқықтар мен бостандықтар белгілеумен қатар, бірқатар міндеттер жүктейді. Ең алдымен, Қазақстан азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадiр-қасиетiн құрметтеуге мiндеттi. Әркiм де мемлекет рәміздерін құрметтеуге тиісті. Заңды түрде белгiленген салықтарды, алымдарды және өзге де мiндеттi төлемдердi төлеу әркiмнiң мiндетi болып табылады. Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбiр азаматының қасиеттi парызы және борышы. Республика азаматтары заңда белгiленген тәртiп пен түрлер бойынша әскери қызмет атқарады. Қазақстан Республикасының азаматтары тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға, тарих пен мәдениет ескерткiштерiн қорғауға және табиғатты сақтауға, табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға мiндеттi. Ұлтаралық татулықты бұзатын кез келген әрекет конституциялық емес деп танылады. Халық өзі қабылдаған заңын құрметтеп қастерлеуі тиіс. Заң жақсы жұмыс істеу үшін, оны бұлжытпай орындау күнделікті дағдыға, әдетке айналуы керек. Заңға құрметпен, қарау – біздің ортақ парызымыз. Мәселен, оңтүстіктің халқы көп шоғырланған ауданы Мақтаарал ауданында 300 000-ға жуық адам тұрады. Ауданда 60-тан астам ұлт өкілдері аудан аумағында ауызбіршілікпен өмір сүріп келеді. Тәжік, славян, өзбек, әзербайжан, корей ұлттық-мәдени орталықтары ауданның қоғамдық-саяси өміріне мерекелік іс-шараларды өткізуде белсенділік танытады. 56 діни бірлестіктері жұмыс жасаса, тоғыз мерзімді басылымдар: «Мақтаарал», «Нарық әлемі», «Жетісай жаңалықтары», «Жетісай ақшамы», «Ислами насихат», «Жетісай жарнамасы», «Орта Азия», «Өркен», «Жеті Сыр» газеттері жарыққа шығып, ауданнан бөлек республика көлеміне таралады. Он бес үкіметтік емес ұйымдар: «Мақтаарал аудандық «Чернобыль ардагерлерінің кеңесі» ҚБ, «Азаматтардың Конституциялық құқықтарын қорғау» ҚБ, «Мейірімді жүрек» ОҚО жүрек тамыр қоғамы» ҚБ Мақтаарал филиалы, «Мақтаарал полиция ардагерлер ұйымы», «Ана жүрегі» қоғамдық бірлестігі, «ҚР Жергілікті және ауған соғысы ардагерлер одағы» қоғамдық бірлестігінің Мақтаарал аудандық филиалы, «Қазақстан халқының емшілер ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі Жетісай қалалық филиалы, «Атақоныс» оралмандарды қолдау ұйымы, «Мүгедектер қоғамы», «Зағиптар қоғамы», «Ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлерді қолдау орталығы» қоғамдық қоры, «Аудандық ардагерлер кеңесі», «Қалалық ардагерлер кеңесі», «Аудандық әйелдер кеңесі», «Мақтаарал жас­тары» қоғамдық бірлестігі аудан көлемінде аудандық ішкі саясат бөлімімен бірлесіп, тәрбиелік, қайырымдылық, заң көмегі сияқты әр тарапты қоғамдық жұмыстар атқарып келеді. Ал осы орайда Конституция күні – тәуелсіз Қазақстанның құқықтық өмірінде мән мен маңыздылығы жағынан ерекше орынға ие, халқымыздың ең жоғарғы дәрежеде атап өтетін басты мерекелерінің бірі болып қала береді. Алтын ЕШАНҚҰЛОВА, Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары. Оңтүстік Қазақстан облысы.